Accessibility links

Канада биыл Ауғанстанға қаржылай бас-аяғы 272 млн. доллар көмек береді


ОТТАВА: Канада Ауғанстанның оңтүстігіндегі Кандагар облысының денсаулық қорғау саласы мен жергілікті қауымдастықтарының дамуын қаржыландыруға қосымша 42 млн. доллар көмек беретінін мәлімдейді. Канаданың Даму министрлігі мәлімдегендей, Кандагар – Ауғанстанның қаржылай көмекке аса мұқтаж облыстарының бірі. Канада өзінің осы жаңа көмегін осы жылдың басында Ауғанстанға бөлген 230 млн. долларлық көмегіне қоса бермекші. Оған қоса Ауғанстандағы НАТО басқаратын коалициялық күштердің қатарында Канаданың шамамен 2.5 мың жауынгерлік әскері бар.
XS
SM
MD
LG