Accessibility links

Тәжікстан мен Ауғанстанды байланыстыратын 600 метрлік жаңа көпір салынды


ДУШАНБЕ: Бүгін Пяндж өзенінің үстінен салынған көпірдің ашылу салтанатына Ауғанстан мен Тәжікстан президенттері Х.Қарзай және Э.Рахмон қатысуға тиіс. Негізінен АҚШ үкіметі бөлген қаржыға салынған 600 метрлік көпірдің құрылысы осыдан 2 жылдай бұрын басталған болатын. Сарапшылардың ортақ пікірінше, тәулігіне 1 мыңдай жүк автокөлігін өткізе алатын көпір - Орта Азия мен Оңтүстік Азияның арасындағы тауар айналымын едәуір ұлғайта алады және Тәжікстанды Парсы шығанағы мен Оңтүстік-шығыс Азия елдерімен байланыстырады.
XS
SM
MD
LG