Accessibility links

Абхазиядағы Кодор шатқалына құлаған ұшақ Ресейдікі емес, Грузиянікі тәрізді


СУХУМИ: Грузиядан бөлінген Абхазия республикасының ресми өкілдері осы аптада Кодор шатқалына ұшақтың құлап түскенін растады. Абхазияның сыртқы істер министрі ол Грузияның ұшағына көбірек ұқсайды деп мәлімдеді. Жұма күні Грузияның ішкі істер министрі осы аптада елдің әуе кеңістігін бұзып кірген ұшаққа қарай оқ атылып, ұшақтың жерге құлағанын хабарлаған болатын. Бірақ грузин министрлігі ол ұшақтың өзіне қарай жаудырылған оқтан құлағанын дәлелдей алмады. Ресми Тбилисидің мәлімдеуінше, ұшақ Ресейдікі. Ал ресми Мәскеу ол мәлімдемені өзін қаралауды көздеген “арандатушылық” деп бағалады.
XS
SM
MD
LG