КАБУЛ: Ауғанстандағы АҚШ авиациясының әуе соққысынан 3 британ жауынгерінің қаза болуынан кейін АҚШ бастаған коалициялық күштер соғыс авиациясын қолдануын ақтауға тырысады. Кеше Кабулда өткізген баспасөз-маслихатында Ауғанстандағы НАТО күштерінің бас өкілі, неміс полковнигі Мартин Шеллис АҚШ ұшағының бомбасынан британ жауынгерлерінің қаза болуын “қайғылы жайт” деп бағалап, “бірақ әуе соққысы - коалициялық күштердің іс-қимылының маңызды бөлігі екенін” атап көрсетті. Өткен бейсенбі күні оңтүстіктегі Гильменд өлкесінде тәліптерге қарсы кескілескен шайқасы кезінде АҚШ авиациясын британ әскерінің өзі көмекке шақырған көрінеді. АҚШ пен Ұлыбритания бұл оқиғаны тергейтіндерін мәлімдеді.
3 жауынгерлерінің қаза болуына бола Ауғанстандағы НАТО әскері әуе соққысынан бас тартпайды
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Түркістан облысы
"Оқушы қызды жәбірлеген". Зағамбар ауылында не болды?
-
Шығыс Қазақстан облысы
Кеніш үстіндегі Зайсан ауданының ауылдары неге газбен қамтылмай қалды?