Accessibility links

Үндістанның үндістер мен мұсылмандар аралас тұратын қаласында 2 жарылыс болды


ХАЙДАРАБАД: Үндістанның оңтүстігіндегі Хайдарабад қаласындағы сенбі күні болған жарылыстардан кем дегенде 36 адам құрбан болып, тағы 60 кісі түрлі жарақат алды. Осы күні күн батқанда ойын-сауық паркі мен мейманханада бір мезгілде 2 жарылыс болды. Андра-Прадеш штатының үкіметі бұл оқиғаны “террористік қастандық емес пе” деп күдіктеніп отыр. Хайдарабад қаласында үндістер мен мұсылман қауымдастықтарының арасында түрлі жанжал мен қантөгіс жиі болып тұрады.
XS
SM
MD
LG