İшкі істер министрлігі өкілінің айтуынша, бөлініп кеткен Абхазия республикасының маңайында 22 тамыз күні Грузия әуе кеңістігін бұзған ұшақ атқыланған. Бірақ оның атып түсірілген-түсірілмегені белгісіз. Қазір грузиндер Кодори шатқалынан осы ұшақты іздестіруде. Ресейдің әуе күштері болса бұл Грузияның Ресейге қарсы тағы бір арандатушылығы деп айыптауларды жоққа шығарып отыр. Олар Ресей ұшағы Грузияның әуе кеңістігін бұзған жоқ дейді.