Accessibility links

Израильдің қарулы күштері тағы 4 палестиналықты атып өлтірді


ТАЯУ ШЫҒЫС: Кеше Иордан өзенінің Батыс жағалауы мен Газа аймағында Израиль армиясымен арада болған атыста 4 палестиналық оққа ұшты. Израиль жағының хабарлауынша, олардың екеуінде қаруы болып, Газа мен Израиль арасындағы шекараны күзеткен еврей жауынгерлеріне оқ жаудырған көрінеді. Одан бірнеше сағат бұрын Иордан өзенінің Батыс жағалауында Израиль жауынгерімен арадағы атыста тағы 2 палестиналық оққа ұшып, үшіншісі жараланды. Ассошиэйтед Пресс агенттігінің хабарлауынша, оққа ұшқанның бірі 11 жастағы бала болып шықты.
XS
SM
MD
LG