ВАШИНГТОН: Америка Құрама Штаттары Ұлыбританиямен бірге Ауғанстанның оңтүстігінде 3 британ жауынгерінің қаза болуы себептерін тиянақты тергейді. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті осылай деп мәлімдеді. Ауғанстандағы ағылшын әскерінің басшылығы бейсенбі күні Американың соғыс ұшағы байқамай тастаған бомбадан 3 жауынгерінің қаза болғанын хабарлады. АҚШ-тың бомбалаушы ұшақтарын тәліптерге қарсы шайқасы кезінде британ әскерінің өзі көмекке шақыртқан болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Соғыс символы
Ресейдегі Z таңбасына қарсылық қозғалысқа айнала ала ма?