Accessibility links

Ресми Тбилиси өзінің әуе кеңістігін бұзған Ресей ұшағына оқ атқанын мәлімдеді


ТБИЛИСИ: Грузияның ішкі істер министрі Шота Утиашвилидің мәлімдеуінше, Грузияның әуе кеңістігін бұзып кірген Ресей ұшағына қарай оқ атылды. Оның “Рейтер” агенттігіне берген сұхбатында атап көрсеткеніндей, өткен сәрсенбі күні әлгі ұшаққа оқ атылған кезде жергілікті тұрғындар “жарылыс” болғанын естіген. Бірақ грузин министрі Ресей ұшағына оқтың тигенін дәлелдей алмады. Ресейдің әскери әуе күштерінің ресми өкілі А.Дробышевский Утиашвилидің бұл мәлімдемесін “арандатушылық” деп бағалап, теріске шығарды. Сонымен қатар ресми Мәскеу “Грузияның әуе кеңістігін бұзып кірген Ресей ұшағы грузин жерін зымыранмен атқылады” деген Тбилисидің айыбын да мойындамай келеді.
XS
SM
MD
LG