АФИНА: Грекия үкіметі орман-тоғайлардың жаппай өртенуі себеп-салдарын тергеу үстінде. Осы өрттің салдарынан 60-тан аса адам қаза болды. Әзірше “қасақана өрт қойды” деген күдікпен 32 адам ұсталды. Қазір терроризмге қарсы күрес қызметінің қызметкерлері олардан жауап алу үстінде. Пелепоннес түбегіндегі орманның 30-дан астам жеріндегі өрт әлі басылған жоқ. Тілсіз жаумен күреске Еуропа Одағының 8 елінен және Ресейден шақырылған өрт сөндірушілер мен арнайы техника жұмылдырылды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?