Палестина автономиясының президенті Махмуд Аббас пен Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт Иерусалимде кездесті. Атын атағысы келмеген Израиль ресми өкілінің айтуынша, Олмерт пен Аббас екі жақтың мүддесіне жататын негізгі мәселелерді талқылаған, оның ішінде, шекара мен Иерусалим және палестиндік босқындар мәселелері қозғалған. Бірақ Махмуд Аббастың кеңесшісі Саиб Ерекат “келіссөздер егжей-тегжейлі деңгейіне жетпеді” деп мәлімдеді.