Accessibility links

Кербаладағы атыстың салдарынан 52 адам оққа ұшып, 300-ден астамы жараланды


КЕРБАЛА: Ирақ премьер-министрі Н.Әл-Мәлики қауіпсіздік күштерінің Кербала қаласын толығымен бақылауына алғанын мәлімдеді. Сейсенбі күні осы қалада шийттердің бітіспес діни көсемі Мұқтада Ас-Садрдың қарулы жасағы мен шийттердің тағы бір ұйымы – Ирақтың Жоғарғы ислам кеңесімен тығыз байланысы бар полицияның арасында атыс болып, кем дегенде 52 адам оққа ұшып, 300-ден аса кісі жараланды. Үкімет шийттердің діни мерекесін тоқтатуға мәжбүр болып, 100-деген мың діндар қаланы тастап қашты.
XS
SM
MD
LG