ТЕҺРАН: Иранның ресми ИРНА агенттігі хабарлағандай, сейсенбі күні Бағдадта Иранның энергетика министрлігі делегациясының мүшелерін күтпеген жерден тұтқындаған АҚШ әскері оларды бүгін босатты. Хабарға қарағанда, АҚШ әскері Ирақ жағымен келісім-шатқа қол қоюға келген Иран делегациясын қонақ үйге аялдаған кезінде тұтқындады. Осы шараның дәл қарсаңында АҚШ президенті Дж.Буш Ирақтағы әскерге “Иранның Ирақтағы зұлымдық әрекетіне тойтарыс беруге бұйрық бергенін” мәлімдеген болатын.