Accessibility links

Талибан 12 Оңтүстік Корея азаматын босатты


Ауғанстандағы Талибан соғысушылары 12 Оңтүстік Корея азаматын кепілдіктен босатты. Тәліптердің тұтқынында әлі 7 кореялық азамат қалып отыр. Олар да жақында азат етілуі мүмкін. Оңтүстік Корея дипломаттары мен Талибан арасында осы аптада келіссөздер жүргізілген соң, Оңтүстік Корея үстіміздегі жылдың аяғына дейін өзінің 200 әскерін Ауғанстаннан шығаруға және бұл елде Оңтүстік Кореялықтардың миссионерлік әрекеттерінің бәріне тиым салуға келісті. Азат етілген 12 азамат шілде айында ұрланған 23 кореялықтың арасында болған.
XS
SM
MD
LG