Accessibility links

Қазақстанның Чехиядағы елшісі Шәріп Омаров кенеттен қайтыс болды


ПРАГА: Қазақстанның Прагадағы елшілігі хабарлағандай, бүгін Қазақстанның Чехия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Шәріп Омаров мезгілсіз қайтыс болды. Марқұм Шәріп Омаров – талай жауапты мемлекеттік қызмет атқарды, оның ішінде Парламент Мәжілісінің 1995 және 1999-ыншы жылдардағы 2 шақырылымына депутат болды. 2005-інші жылдың көктемінде Прагада Қазақстанның тұңғыш елшілігі ашылғанда – республиканың осы елдегі бірінші елшісі болып тағайындалды. 1948-інші жылы туған марқұм Шәріп Омаров – 10-ыншы қыркүйек күні 59-ға келетін еді.
XS
SM
MD
LG