Accessibility links

Тәжікстанның солтүстігіндегі Худжанд қаласының әкімшілігі жергілікті аурухананың бір жартысын жәбір көрген әйелдерге пана беретін ұйымға беретін болып шешті


Тәжікстандағы ең біріншісі болып табылатын осы мекемені әйелдердің құқын қорғайтын жергілікті ұйым Америка Құрама Штаттарынан бөлінген қаржыға ұйымдастырды. Бұл ұйым жәбірленген әйелдерге уақытша тегін баспана беріп, дәрігерлік көмек, ақыл-кеңес және заңнамалық көмек көрсетеді.

Tәжікістанның солтүстігінде жергілікті билік аудандық аурухананың бір бөлігін отбасында зорлық-зомбылық көрген, қорлау мен кемсітудің құрбанына айналған әйелдер мен отбасы мүшелеріне арналған көмек көрсету орталығына беру туралы жоспарын жариялады. Тәжікістан үшін бұл үлкен жаңалық. Өйткені Тәжік елінде бұрын-соңғы мұндай орталық болмаған екен.

Отбасындағы қорлау, кемсіту, күш көрсету, зорлық-зомбылық құрбанына айналған әйейдерге жәрдем көрсететін ұйымдар Тәжікістан үшін таңсық емес, алайда аурухана жанынан мұндай орталық ашу іспетті жағдай бұрын болмапты.

Осындай жергілікті әйелдерді қолдау ұйымдарының бірі - Гүлрухсор деп аталатын ұйым А.Қ.Ш.-нан келген қаржылай жәрдемге сүйене отырып, осы баспана орталығын жүргізетін болды. Екі жыл бойы әрекет етіп келген бұл ұйым бірнеше ондаған әйелге жәрдем көрсеткен екен. Әкімшіліктің аурухананың бір бөлігін осы ұйымның орталық ұйымдастыруына беру туралы шешімі де ұйымның табысты жұмысының нәтижесі болса керек.

Мұнда жапа шеккен әйелдерге және отбасы мүшелеріне уақытша баспана берілумен қатар дәрігерлік көмек, психологиялық жәрдем, заңгерлік кеңес беріледі.

Ұйымдастырушылар отбасындағы зорлық-зомбылық, қорлау мен кемсітудің құрбанына айналғандарға арнап 24 сағаттық телефон байлынысын да орнатып отыр.

Тәжікістанның Соғды уәлаятының Әйелдер мәселелесі бойынша ұлттық орталығының директоры Нәзира Ғафорова Азаттық радиосы Тәжік бөліміне берген сұхбатында Тәжікістанның жағдайында үй ішіндегі зорлық-зомбылық, отбасындағы қорлау мен кемсіту әрекеттері сирек кездеседі деп айтуға болмайтынын, алайда жапа шеккендердің ресми орындарға жиі шағымдана бермейтінін айтады:

"Отбасындағы зорлық-зомбылықтан жапа шеккендер тиесілі әкімшілік орындары, оның қатарында құқық қорғау мекемелеріне шағымдануы тиіс. Алайда, кейде әйелдер мұндай қадамға барудан тартынып жатады – олар өздерінің зорлық-зомбылық құрбаны болғанын өзгелердің білуін қаламайтын болуы керек. Десе де, олар үкіметтік емес ұйымдармен сөйлесуге әзір".

Худжанд қаласының бір өзінде кемінде 60 әйел адам осы орталықтан көмек сұрап келген. Бұлардың қатарында күш көрсетудің құрбаны болған, зорланған әйелдер, сондай-ақ, отбасында күрделі кезеңді бастан кешіріп жатқан және психологиялық проблемаларға душар болған әйелдер болыпты. Ал 24 сағаттық телефон байланысы арқылы 700-ден астам адам кеңес, жәрдем сұраған. Бұлардың қатарында заң тұрғысынан кеңес сұраған еркек адамдар да көп болған.

Осы шараларды ұйымдастырып жүрген Гүлрухсор деп аталатын жергілікті әйелдерді қолдау ұйымы көрші Ғафуров ауданындағы жергілікті билікпен байланыс орнатып, мұнда да отбасында зорлық-зомбылық көрген, қорлау мен кемсітудің құрбанына айналған әйелдер мен отбасы мүшелеріне арналған көмек көрсету орталығын ашыпты.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG