Accessibility links

Ауғанстан сыртқы істер министрі Сеулды сынады


Талибандар қалған 7 Оңтүстік Корея азаматын кепілдіктен босатқан соң, Ауғанстан сыртқы істер министрі Рангин Дадфар Спанта Сеулдың осы оқиғаға байланысты іс-қимылдарын сынады. Оңтүстік Корея мен Талибан арасындағы келісімге сәйкес, Сеул осы жылдың аяғына дейін 200 әскерін Ауғанстаннан шығарып, бұл елдегі миссионерлік әрекеттерінің бәріне тиым салатын болды. Кейбіреулер енді Сеул Талибанның тапсырысымен солай жасап, оларға жеңісті беріп отыр деп ойлауы мүмкін, деді Спанта. БҰҰ бас хатшысы Бан Ки Мун кореялықтардың босатылғанын жылы қабылдады.
XS
SM
MD
LG