Бүгін Әзірбайжан астанасы Бакуде жөндеу жұмыстары жүріп жатқанда құлаған ғимараттың үйіндісі астынан 13-ші адамның денесі табылды. Құтқарушылардың айтуынша, енді ол жерден тірі қалғандарды табуға үміт аз. Ғимарат сейсенбі күні құлағанда, 15 адам жоқ екені айтылған. Ресмилер ғимараттың қауіпсіздік шаралары қамтылмағандықтан осындай апат орын алғанын айтады. Ғимаратты жөндеп жатқан құрылыс компаниясының төрт өкілі қамауға алынған.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Билік пен халық
"Жалпыұлттық диалог" па, "автократтың сценариі" ме?
-
Азаттық толқынында
Баспанасыздарға байқалмаған "Тұрғын үй – 91"