Accessibility links

БҰҰ Бас Хатшысы Ауғаныстандағы 19 кореялық тұтқынның босатылуын қоштады


Бүгін БҰҰ-ның Бас Хатшысы Бан Ки Мун Ауғаныстандағы талибандар тұтқынында отырған оңтүстік кореялықтардың босатылғанын оң қабылдады. Оңтүстік Кореяның сыртқы істер министрі болған Бан мырза, журналистерге айтқанында өзінің кепілдіктегілердің аман-есен босатылуына қолдан келген барлық күш-жігерін салғанын айтты. Талибандар шілденің 19-да Ғазни провинциясында 23 кореялықты тұтқынға алып, келіссөздерге дейін екі адамды өлтірді. Тәліп қолбасшылары мен Оңтүстік Корея үкіметінің келіссөздерінен кейін соңғы қалған 7 тұтқын кеше босатылған еді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG