Жұма күні Газа аймағында Фатх қолдаушылары өткізген наразылық шарасы зорлық-зомбылықпен аяқталды. Хамас тобы наразылық танытушыларды ұрып-соққан соң қақтығыс басталып кетті. Куәгерлердің айтуынша, шамамен 20 адам оның ішінде екі француз журналисі мен екі бала жарақат алған. Шеруге 10 мыңдай адам қатысты. Маусым айында Хамас тобы Газа аймағын толығымен өз бақылауына алған болатын.