Accessibility links

Иран Израильді “жер бетінен жойғысы” келсе де, өз еврейлерінің құқын сыйлайды


ТЕҺРАН: Иранның ресми ИРНА агенттігі хабарлағандай, елдегі азын-аулақ еврей өкілдері үшін Теһранда жаңа мәдени және спорт орталығының құрылысы басталды. Шенеунектердің хабарлауынша, орталықтың жобалық құны 3.2 млн. доллар тұрады және оның құрылысы 2010-ыншы жылы аяқталуға тиіс. Иранның қоныстандыру және қалаларды дамыту министрі Мохаммад Саиди-Киа атап көрсеткендей, Иранның конституциясында өзге діндер мен азын-аулақ ұлт өкілдерінің бостандығына кепілдік берілген. Осыған дейін Иран президенті М.Ахмадинеджад ІІ-нші дүниежүзілік соғыс кезіндегі еврейлерді жаппай қырған Холокост қырғынын “миф” деп бағалап, “Израиль - жер бетінен біржола жойылуға тиіс”, -деп мәлімдеген болатын.
XS
SM
MD
LG