Accessibility links

Т.Блэр Таяу Шығыс елдерінің лидерлерімен халықаралық конференцияның күн тәртібін пысықтайды


ӘЛ-КУВЕЙТ: Таяу Шығыстағы бейбіт келіссөзге дәнекер болып қатысатын халықаралық “Таяу Шығыс квартетінің” ресми өкілі әрі Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Т.Блэр кеше Кувейтке келіп тоқтады. Т.Блэр Таяу Шығыс аймағының бірқатар еліне, оның ішінде Сауд Арабиясы мен Мысырға мен Израильге ат басын бұруға тиіс. Хабарға қарағанда, осы елдердің басшыларымен арадағы келіссөзінің барысында Т.Блэр Таяу Шығыс проблемасы бойынша қараша айына белгіленген халықаралық конференцияның күн тәртібін пысықтайды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG