Accessibility links

Ливан армиясы палестиналық “Фатх әл-Ислам” ұйымына тойтарыс берді


БЕЙРУТ: Ливанның солтүстігінде үкімет армиясының исламшылдарға қарсы операциясының нәтижесінде палестиналықтардың экстремистік “Фатх әл-Ислам” ұйымының көсемі Шакір Әл-Абссидің көзі жойылды. Ол туралы Батыс баспасөзіне Ливан әскерилері хабарлады. Үкімет әскері экстремистердің бекінісіне айналған Палестина босқындарының лагерін басып алған соң, жексенбі күні Ливан премьер-министрі Фуад Синьора террористерге тойтарыс берілгенін мәлімдеді. Осы шабуылдың барысында 30-дан астам экстремистің көзі жойылып, 20-сы тұтқындалды, 3 жауынгер оққа ұшты. “Фатх әл-Ислам” тобына қарсы соғыс операциясы 3 айдан да ұзаққа созылып, 220-дан астам адам, оның ішінде 158 жауынгер қаза тапты.

AzattyqTV

Қырғызстан

Әзиздің арманы

XS
SM
MD
LG