Accessibility links

Германия әуежайына шабуыл жасамақ болды деген күдікпен 3 адам ұсталды


Германияның билік орындары Франкфурт әуежайына шабуыл жасамақшы болған деген күдікпен 3 адамды қамауға алғандарын хабарлады. Қорғаныс министрі Франц Йозеф Юнг қауіптің төнетіні “сөзсіз” еді дейді. Әлгі күдіктілер сейсенбі күні қамауға алынған, полиция бүкіл ел бойынша тінту жұмыстарын жүргізгенін айтып отыр. Федералды прокурор Моника Хармстың мәлімдеуінше, айыпталушылар Ислам Жихады Одағы деп аталатын лаңкесттік топқа қатысы болуы мүмкін.
XS
SM
MD
LG