Вук Еремичтің бұл айтқан сөздерін "Файнэншл таймс" басылымы берген. Апталықтағы сұхбатында Сербия сыртқы істер министрі Косово тәуелсіздік алса, бұның өзі аймақтағы қауіпсіздік мәселесіндегі барлық жамандықтың басы болады деп атап көрсеткен. Косово албандары халықаралық бақылау шеңберіндегі тәуелсіздік туралы БҰҰ-ның жоспарын қолдайды. Сербия бұл жоспарды қаламайды және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің вето құқы бар бес мүшесінің бірі - Ресей де Косово тәуелсіздігіне қарсы.