Парназ Азима жеке төлқұжаттарын Иран ресмилерінен алысымен, Фарда радиосына қыркүйектің 4-і күні хабарласқан болатын. Азиманың паспортын Иран тарапы қаңтар айында, ол Ирандағы шешесіне келген кезінде, тартып алған болатын. Қазіргі жағдайы жөнінде Азима былай деді:
“Иран ресмилерінен менің кепілдігім жөніндегі мәселе шешіле ме деп сұрадым. Олар “жоқ” деп жауап берді. Кепілдік мәселесі жалғаса бермекші және маған байланысты іс ашық күйінде қалып отыр. Бұл деген сөз, олармен менің заңгерім кездесіп, содан кейін соттың өту мерзімін белгілей алады. Менің жағдайыма байланысты құпия қызмет пен сот орындары қандай шешім жасайтындығын қазір болжап, айта алмаймын”.
Ресми Техран Азиманың Ираннан шығуына өткен бірнеше ай бойы тиым салған болатын. Иран мемлекетіне қарсы насихат таратты, деген айып оған тағылған еді. Ал, Фарда радиосына қыркүйектің 5-і күні айтуына қарағанда Азима Иран елінен шығып, Прагадағы өз тіршілігіне мүмкіндігінше тез оралуға тырысатын болады.
Азимаға паспортын берерден бір күн бұрын Иран текті Америка азаматы, ғалым Халех Есфандияридің ресми Техран елден шығуына мүмкіндік берген еді. Сол күні-ақ ол Венаға жеткен еді. Вудроу Вилсон институтының Таяу Шығыс бағдарламасының директоры Есфандияри қауіпсіздік мәселелерінде айыпталып, мамыр айында Иранда тұтқындалған болатын. Иран ресмилері оны тек 21-ші тамызда ғана кепілдікпен бостандыққа шығарған еді. Бұлардан басқа тағы екі Ирандық-Америкалық азамат Иранда тұтқындалған болатын. Олардың бірі - Ирандық-америкалық академик Киян Тажбахшыға байланысты тергеу ісі аяқталғаннан кейін ол кепілдікпен босатылатын болады, деп бұл жөнінде Иран сот өкілдері хабарлаған еді. Ол академик тыңшылықта айыпталған болатын. Иран текті Американың қос азаматының екіншісі Әли Шахери жөнінде жаңа хабар жоқ. Калифорниялық бұл бейбітшілік белсендісін де ресми Техран маусым айында тұтқындаған болатын.
Киян Тажбахшы болса миллиардер Джордж Сорос құрған Ашық қоғам институтында кеңесші еді. Аталған институт сәрсенбі күнгі “Уашингтон посттағы” мақаласында Тажбахшының бұл тұтқындалуы әділетті емес, деді. Әсіресе оның отбасына Техран өкілдерінің айтуынша, академик өткен аптада-ақ босатылуы тиіс екен. Бірнеше хұқық қорғау ұйымдары мен АҚШ саясаткерлері Ирандық-Америкалық азаматтардың босатылып, елден шығуына рұқсат берілуін талап еткен еді.