Accessibility links

Францияның қорғаныс министрі Тәжікстанға сапармен келді


Бүгін Франция қорғаныс министрі Ерве Морен Ауғаныстанға сапарының алдында Тәжікстанға келді. Ол Душанбеде президент Эмомали Рахмонмен және НАТО –ның Ауғаныстандағы операцияларына қолдау ретінде Тәжікстанда орналасқан базадағы 6 франциялық қырғи ұшақ ұшқыштарымен кездеседі деп күтілуде. Олар алдағы айларда Ауғаныстанның оңтүстігіндегі Қандағар провинциясына орналасады деп хабарланған.
XS
SM
MD
LG