Accessibility links

Ауғаныстанның батысында үлкен қару-жарақ қоймасы табылды


Бүгін Ауғаныстанның батысындағы Херат провинциясының шекара полициясы өздерінің жақында Ресей, Қытай және Иранның маркасы бар 10 тонна қару-жарақты тәркілегенін айтты. Азаттықтың Херат провинциясындағы тілшісі хабарлағандай, ол қару-жарақтың ішінде, фугас бомбалары, зымыран атқыштар, калашников мылтықтары мен әскери жарылғыш заттардың көп қоры бар. Ауғаныстанның Ішкі істер министрінің орынбасары генерал Мунир Мангалдың айтуынша, ол қойма туралы жергілікті тұрғындар хабарлаған. Енді Ауған билігі ол қару-жарақтарды Ауғаныстанға кімдер әкелуі мүмкін деп тергеу жүргізіп жатыр.
XS
SM
MD
LG