Accessibility links

Осама бин Ладен 11-ші қыркүйектегі террорлық шабуылдың 6-жылдығына видео жолдау жасамақ


Әл-Қаиданың ақпарат ұйымы жақын күндері терроролық топтың жетекшісі Осама бин Ладен 2001 жылғы 11-ші қыркүйектегі Құрама Штаттарға болған шабуылдардың алты жылдығына байланысты жолдау айтатын болады деп хабарлады. Бұл хабарлама исламшыл жауынгерлік топтың веб-парақшасында жарияланды. Және ол жерде бин Ладеннің жаңа таспадағы суреті көрсетілген. Ол видео жазбаның қашан жарыққа шығатыны туралы айтылмаған. Осама бин Ладеннің бейнесі соңғы рет 2004 жылғы АҚШ-тағы президенттік сайлаумен қатар көрінген болатын.
XS
SM
MD
LG