Accessibility links

Еуропа Одағы Косово бойынша біріккен жоба құруды ойластыруда


Еуропа Одағының срытқы істер министрлері өздерінің бүгінгі Португалияда өтетін басқосуларында, Сербияның даулы провинциясы Косовоның келешегі туралы талқылағанда біріккен ұстанымдағы жобаны қарастыратын болады. Келіссөздерің алдында, Германия сыртқы істер министрі Франк Уолтер Штайнмайер халықаралық қауымдастықты нағыз мүмкіндіктермен Сербия мен Косовоның Албандарына жаңа келіссөздер беруге шақырған. Еуро Одаққа мүше 27 елдің сыртқы істер министрлері Косово мәселесін шешу жөнінде Құрама Штаттар мен Ресейдің ресмилерімен жұмыс істеген Германия дипломаты Вольфанг Ишингердің баяндамасын тыңдайтын болады. Сербтер мен Косовоның этникалық албандары осы бір дағдарыстан шықса, жаңадан келіссөздерді бастамақ.
XS
SM
MD
LG