Accessibility links

Қазақстан “Eni” мұнай консорциумының жұмысын тоқтатуға дайын емес


Бүгін Қазақстан үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Қашаған мұнай кенішіндегі игеру жұмыстары бойынша “Eni” корпорациясымен жасалған келісімнің кейінге шегерілуіне байланысты Қазақстанға келетін экономикалық шығындарды анықтап жатыр деді. Мәсімовтың айтуынша, қазір “Eni” компаниясының өкілдерімен достық келіссөздер жүріп жатыр. Және “Eni”-дің директоры Паола Скаронимен осы мәселеге байланысты алдағы аптада кездесу болады. Қазақ үкіметі өткен айда “Eni” консорциумы тағы да өндіруді бастау мерзімін кейінге қалдырған соң, Қашаған мұнай кенішіндегі жұмыстарды тоқтатып қойған. Қазақстан ол кейінге қалдыру мәселесіне байланысты келтірілген шығындар үшін “Eni” компаниясына 10 млд доллар айыппұл салатынын айтқан.
XS
SM
MD
LG