Accessibility links

Ташкентте "Ильхом" театрының құрылтайшысы және директоры Марк Вайль соққыға жығылып, қаза тапты


Оны алтыншы қыркүйекте түнде пәтерінің алдында екі азамат тепкіге салған, дейді театр өкілі. Марк Вайль операция жасалып жатқанда қайтыс болып кетті. Шабуыл жасағандар Марк Вайльдің жеке заттарына тимеген, Марк Вайль оларды танымаймын деп айтып үлгерді. "Ильхом" театры 1976 жылы құрылған, бұл Өзбекстандағы жалғыз мемлекеттік емес театр.
XS
SM
MD
LG