Accessibility links

Венеция кинофестивалінің бас жүлдесі “Алтын арыстан” - Тайванның үлесіне тиді


ВЕНЕЦИЯ. ИТАЛИЯ: Венеция кинофестивалі аяқталып, жеңімпаздарға оның жүлделері тапсырылды. Оның ең басты “Алтын арыстан” жүлдесін 2-нші дүниежүзілік соғыс жылдарында жапон әскері басып алған Шанхай қаласындағы бір оқиға суреттелген Тайвань режиссері Энг Лидің көркем фильмі алса, “Күміс арыстан” – америкалық режиссер Брайан де Пальманың “Цензура түзеткен” фильміне тапсырылды. Бұл фильм Ирақта АҚШ жауынгерлерінің жасөспірім Ирақ қызын қорлап өлтіргені туралы өмірде болған оқиғаның ізімен түсірілді. Ең үздік әртіс және әртіс әйел жүлделері Голливуд жұлдыздары Брэд Питт пен Кэйт Бланшетке берілді. Кинофестивальдің қазылар алқасы құрметті “Алтын арыстан” жүлделерін белгілі 2 режиссер – италияндық Бернардо Берталуччи мен ресейлік Н.Михалковқа тапсырды.
XS
SM
MD
LG