Accessibility links

Атыстың жаңғырығы естілгендей болғанда ауған президенті мінберден тез түсіп қашты


КАБУЛ: Бүгін Ауғанстанның қауіпсіздік күштері ауған президенті Х.Қарзай сөз сөйлеп тұрған Кабул стадионына бұзып өтпек болған бір адамды тоқтатты. Бұл жұрт Талибанға қарсы альянстың лидері болған Ахмад Шах Мосудтың қастандықтан құрбан болуына 6 жыл толуына арналған рәсімге қатыспақшы болса керек. “Рейтер” агенттігінің хабарлауынша, атыстың жаңғырығын естіген Х.Қарзай сөзін доғара салып, мінберден тез түсіп кетті. “Азат Ауғанстан” Радиосының мәліметі бойынша, ешқандай атыс болмаған, бірақ стадионға бұзып өтпек болған жұрт тас атқылаған көрінеді. Жергілікті телеарна оққағардың Х.Қарзайға сыбырлап тұрған және президенттің мінберден шұғыл түскен сәтін көрсетті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG