Accessibility links

Алжирдегі 2 жарылысты да “Әл-Қаиданың” африкалық қанаты іске асырды


АЛЖИР: БҰҰ-ы мен Еуропа Одағы Алжирдегі кем дегенде 50 адамның қазасына себеп болған жарылыстарға ащы наразылықтарын білдірді. “Әл-Джазира” телекомпаниясы хабарлағандай, бұл қастандықты “Әл-Қаида” ұйымының африкалық қанаты өз жауапкершілігіне алып отыр. Сенбі күні Деллис теңіз портындағы жағалау күзетінің казармасы жанында жарылыс болып, 30-ға жуық әскери қызметкер мерт болды. Одан 2 күн бұрын Батна қаласында жанпидашыл-террорист Алжир президенті Әбділәзиз Бутефликті тосып тұрған халықтың қақ ортасында өзін-өзі жарып, тағы 20 шақты адам қаза тапқан болатын.
XS
SM
MD
LG