Accessibility links

Ирақта 400-дей бейкүнә адамның қазасына жауапты ірі террористің көзі жойылды


БАҒДАД: Ирақтағы АҚШ әскері “Әл-Қаида” ұйымымен тығыз байланысы болған ірі террористің көзін жойғанын хабарлады. “Әбу Джасса” деген лақап атымен де белгілі болған Әбу Мухаммад Әл-Асри - Ирақтың солтүстігінде 14-інші тамыз күні жүзеге асырылған бірнеше дүркін жарылысқа жауапты саналады. Ол қастандықтардың салдарынан 400-ден астам халық қырылды. Әбу Джасса – Мосул қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 70 шақырымдай жерде әуе соққысынан мерт болды.
XS
SM
MD
LG