Accessibility links

Пәкістан президенті П.Мушаррафтың тағы шайқала бастады


ИСЛАМАБАД: Пәкістанның экс-премьері Наваз Шариф бастаған саяси партия лидердің елге оралуы алдында өзінің 2 мыңдай мүшесін полицияның тұтқынға алғанын мәлімдеді. Ал ресми билік “тәртіп бұзған 250 адамды ғана” ұстағанын хабарлады. “Пәкістан мені қажетсініп отыр”, деп мәлімдеген экс-премьердің өзі, Саудияның қысым көрсетуіне қарамстан, президент П.Мушаррафтың әскери билігіне қарсы саяси науқан ұйымдастыру үшін дүйсенбі күні Пәкістанға оралуды көздеп отырғанын хабарлады. Сауд Арабиясы П.Мушаррафтың әскери төңкерісінен кейін 1999-ыншы жылы Пәкістаннан Саудияға қуылған Н.Шариф елге 10 жыл бойы аяқ баспау туралы келісімді бұзбайды деп үміттенеді.
XS
SM
MD
LG