ИСЛАМАБАД: Бүгін еліне оралған Пәкістанның экс-премьер-министрі Наваз Шариф дереу қамауға алынып, тағы да Сауд Арабиясына күштеп қуылды. Қазіргі президент П.Мушарраф бастаған 1999-ыншы жылғы әскери төңкерістен кейін Н.Шариф үкімет басынан аластатылып, “ұшақты ұшырып алып кетуге тырысты” және “пара алды” деген айыптармен өмірінің соңына дейін түрмеге кесіліп, “10 жыл Пәкістанға аяқ баспаймын” деген уәдесінен соң шетелге қуылды. Н.Шариф осы жылдың соңында өтетін сайлауда П.Мушаррафтың әскери режиміне қарсы тұратынын әлденеше рет мәлімдеген болатын. Сонымен қатар бүгін әуе жайда оны қарсы алмақ болған 100 шақты үзеңгілесі полициямен қақтығысып қалып, ол бастаған партияның көсемдері тұтқындалды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?