Accessibility links

13 кісі ұрлап алып кеткен қаскүнемдер олардың 10-ын босатты


КАБУЛ: Ауғанстандағы құрамында 13 мүшесі бар ауған саперлерінің бөлімін ұстап алып кеткен кісі ұрлаушылар команданың 10 мүшесін босатты. Оңтүстік-шығыстағы Пактия облысының әкімі Дін Мұхаммад Дарвиштің хабарлауынша, оларды босату жөнінде бүгін жергілікті тайпаның көсемдері уағдаласты. Әкімнің мәлімдеуінше, оларға ешқандай құн төленбеді және қалған үшеуін босату үшін келіссөз жалғасуда. Құрамында дәрігері мен автокөлік жүргізушісі бар мина іздеушілердің командасын Пәкістан шекарасына жақын Пактия облысынан өткен аптада ұстап алып кетті.
XS
SM
MD
LG