МӘСКЕУ: Бүгін Ресейдің көлік министрлігі хабарлағандай, құтқарушылар қиырдағы Арктика аумағында хабарсыз жоғалған азаматтық тікұшақты іздестіру үстінде. Тікұшақпен арадағы радиобайланыс – жексенбі күні күндіз Мәскеуден солтүстік-шығысқа қарай мың шақырымдай қашықтықта орналасқан мұнай өндіруші Салехард қаласының маңында ұшып келе жатқан кезінде үзілген. Тікұшақтың апатқа ұшырауына ауа райының бұзылуы мен қою тұман себеп болуы мүмкін. Нашарм ауа райы жексенбі күні құтқару операциясын доғаруға да түрткі болды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Азаматтық қоғамға – Алашорданың мүлкін қайтару. Төртеудің хаты