МИНСК: Беларуссияның Барановичи қаласында милиция саяси оппозицияның 20 шақты белсендісін ұстады. Олар өздерінің “Жас майдан” қозғалысындағы үзеңгілесі Ярослав Грищеняның ісі қаралып жатқан сот ғимаратының маңында заңсыз наразылық шарасын өткізді. Оларға қоса милиция ешқандай себебін түсіндірмей “Рейтер” және “Франс-Пресс” агенттіктерінің фототілшілері Василь Федосенко мен Виктор Драчев те қысқа уақытқа ұстады. Батыс елдері беларусь президенті А.Лукашенконы саяси қарсыластарын қудалап, баспасөзді тұншықтырды, сайлау нәтижелерін бұрмалады деп айыптап келеді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық толқынында
Назарбаев сенбеген тұңғыш Конституция жобасының дауы
-
"Сатира қылмыс емес"
Қамауға алынған танымал паблик авторын қолдағандарды қудалау жалғасып жатыр