Accessibility links

“Ақорда” тәжік экономикасына да инвестиция бағыттауды жоспарлап қойды


АСТАНА: Бүгін Қазақстанның сыртқы істер министрлігі хабарлағандай, президент Н.Назарбаевтың Тәжікстанға 2 күндік сапарының барысында жарғылық капиталы 100 млн. долларды құрайтын инвестициялық қазақ-тәжік қорын құру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Бұл қор Тәжікстан жеріндегі инвестициялық жобаларды қаржыландыруға тиіс және Н.Назарбаевтың Душанбеге сапары кезінде инвестиция мен сауда саласындағы түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға да қол қойылмақшы. Бұл құжаттарға “Қазақстан-Тәжікстан: кәсіпкерлік үшін жаңа мүмкіндіктер” атты безнес-форумның барысында Н.Назарбаев пен Э.Рахмон қол қояды.
XS
SM
MD
LG