Accessibility links

Түркменстан президенті ауыл шаруашылығындағы бала еңбегіне тиым салды


Түркменстан президенті Гурбангұлы Бердымұхаммедов елдің мектеп оқушылары ауыл шаруашылық жұмыстарына жұмылдырылмауы тиіс деп мәлімдеді. Ресми “Бейтарап Түркменстан” басылымының хабарлауынша, Бердымұхаммедов ұлттық заңнама мен халықаралық конвенцияларға сәйкес бала еңбегіне тиым салынған деген. Бұрынғы президент Ниязов та бала еңбегіне тиым салған болатын бірақ ұлттық мақта шаруашылығында балалар жұмысқа жұмылдырыла беретін.
XS
SM
MD
LG