Ирақтағы АҚШ әскерлерінің бас қолбасшысы Дэвид Петреус Ирақта саны көбейтілген АҚШ күштері алдына қойған мақсаттарына айтарлықтай жетті деп мәлімдеді. АҚШ Конгресінде Ирақтағы ахуал бойынша есеп берген генерал Петреустың айтуынша, АҚШ әскерлерінің саны келесі жылдың ортасына дейін азайтылуы мүмкін. Ал АҚШ-тың Бағдадтағы елшісі Райан Крокер қауіпсіз, тұрақты және демократиялық Ирақтың көршілес елдермен бейбітшілікте тұруына қол жеткізе алатынымызға сенімдімін деп мәлімдеді.