Австрия полициясы интернетке қойылған видеокөрініске қатыстары бар деген күдікпен ислам террорисі делінген үшеуді ұстағандарын хабарлаған. Австрия ішкі істер министрі Венада өткізілген баспасөз-мәслихатында бұл екі ер адам мен бір әйелдің әл-Қаида террорлық ұйымымен байланыстары болғандығын, бірақ олар мұнда аталған ұйымның бөлімшесін құрып үлгермегендігін айтқан. Наурыз айында интернетке қойылған видеотаспада исламдық топ егер Ауғанстандағы өз әскерлерін алып кетпейтін болса, Австрия мен Германияға қарсы лаңкестік шабуылдар жасаймыз деп ескерткен болатын.