ДЖАКАРТА: Бүгін Индонезия үкіметі Суматра аралының оңтүстігін қуаты 6.6 балға тең екінші жерасты қозғалысынан кейін тағы да цунами апатының қаупі төнгенін ескертіп дабыл қақты. Оның алдында ғана Суматра аралының батыс жағалауында қуаты Рихтер өлшемі бойынша 8.2 балға жеткен жер сілкінісі тіркеліп, Индонезия цунамиден қатер төнгенін ескертіп үлгеріп, бірақ көп ұзамай ол қатер сейілді. Бірақ ондай қатер Үнді мұхиты бассейнінің басқа аумақтарында әлі сақталды. 2004-іші жылдың желтоқсанындағы цунамидің салдарынан Индонезияның 130 мыңнан астам халқы қырылған болатын.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Орталық Азия мафиясы
Равшан Золотой, Дикий Арман және өзбек қылмыс әлеміндегі дау
-
Шығыс Қазақстан облысы
"Оқушы жалдап, жүгеріні қолмен тердік". Зайсан шаруалары комбайнға зәру
AzattyqTV