Accessibility links

Путиннің премьер министрлікке аты танылмаған шенеунікті ұсынуы нені аңғартады?


Ресей президенті Владимир Путин премьер министр қызметіне белгісіз шенеунікті ұсыну арқылы Ресейдің саяси өмірін шырмалаңға айналдырды. Бұл қадам осыған дейін Путин премьер министрдің бірінші орынбасары Сергей Ивановты үкімет төрағасына әкеледі және кейін өзінің орнына қалдырады деген қалыпты пікірді бұзып отыр.

Владимир Путиннің Кремльдегі бұлыңғыр саясаты сәрсенбі күні президенттің премьер министрлікке белгісіз адамды атағанда тіпті күңгірт болып кеткендей. Кремльдік бақылаушылар Путиннің өз ізбасарын ашық таңдауына жол ашу үшін премьер министр Михайл Фрадков пен оның кабинетінің қызметтен кету мүмкіндігін айтып келген. Кеше Фрадков үкімет басшылығынан кеткенде сарапшылар президент Путин премьер министрлікке бірінші вице-премьер Сергей Ивановты ұсынуы мүмкін деп пайымдаған. Бірақ, Фрадковтың қызметінен кету жөніндегі арызын қабылдаған соң Путин ештеңе айтпастан Мәскеуден Волга аймағына сапарға кеткен. Одан кейін Ресей Думасының спикері Борис Грызлов Ресей президенті Владимир Путиннің премьер министр қызметіне мемлекеттік қаржы бақылау қызметінің басшысы 65 жасар Виктор Зубковты ұсынғанын жариялап, Ресейдің саяси қоғамын таң қалдырды.

Ресейлік саяси сарапшы Мария Мацкевич бұл жаңалықты естігенде өздерінің абдырап қалғандарын айтуда:

“Бұл мәселеде не болып жатқаны туралы сұраққа жауапты тек ішкі жағдайларды жақсы білетін адам ғана жауап бере алады. Сыртқы комментаторлар мұны түсіндіре алмайды. Және ішкі мәселелерді білетін адамдар бұған жауап беруі мүмкін немесе олар бұрынғыдай басқа қате ақпараттарды алға тартуы мүмкін”.

Негізінде, Фрадковтың қызметінен кеткенінен кейін Кремьлдің саяси сарапшылары жаппай Иванов премьер министр болуы мүмкін деген пікірде болған.

Кремльмен жақын байланыстағы Саяси зерттеулер институтының басшысы Сергей Марков жаңа премьер министр саяси тағайындау тәрізді деген. Оның айтуынша, Иванов нөмірі бірінші кандидат, екінші орында вице премьер Дмитрий Медведьев болды.

Өткен жылдарда Иванов пен Медведьев Путиннің ізбасары болып аталуға бәсекелесіп жүргендей болып көрінді. Ол қатарда, Ивановтың біржола алға шыға бастағаны байқалған. Кеше бірден күнделікті “Ведомости” газеті Иванов Фрадковтың орнына келуі мүмкін деп жазған.

Премьер министр Фрадков өзінің орнынан кетуін алдағы елде болатын саяси жағдайларға байланысты дей келе, өзінің Ресей президентіне кадрларды таңдауда толық еркіндік беру ниеті болғанын айтты.

Ресей желтоқсан айында парламенттік сайлаулар, наурыз айында президенттік сайлау өткізуі тиіс. Путин үкіметтегі бұл өзгерістердің алдағы сайлаулармен байланысты екенін айтып өткен:

“Бәлкім бізге сайлау алды кезеңге жақсы сәйкес келетін әрі елді желтоқсан айындағы парламенттік сайлау мен наурыз айындағы президенттік сайлаудан кейінгі кезге дайындайтын биліктің басқару құрылымын қалай құру керек деген тұрғыда бірігіп ойлану керек шығар”.

Сарапшы Мария Мацкевичтің сөзіне қарағанда, оқиғаның даму барысы егер Путиннің президенттік мезгілі аяқталып, Кремльден кеткен жағдайда оның мұрагері кім болады дегенді көрсетіп отыр дейді.

Көптеген Кремльдік бақылаушылар бұл күтпеген қадам Путин мен оның ішкі ортасының мұрагер мәселесін шешпегенінің белгісі деп отыр. Бірақ, Азаттыққа берген сұхбатында сарапшы Андрей Рябов Кремьлдің мұрагер мәселесін шешуден де өзекті проблемалары толып жатыр деді. Оның сөзіне қарағанда:

“Менің пікірімше, басқа да күрделі көп мәселе бар, мүдделер тепе-теңдігін сақтау, 2008 жылдан кейінгі биліктің жаңа нұсқасы сияқты. Бұл жерде келісімге келу жағы алыс болып көрінуде, онда бірнеше қарама-қайшылық бар және олардың әзірге шешіле қоятыны белгісіз. Мен Виктор Зубковтың кандидатурасы осы проблемаларды қысқа мерзім ішінде шеше алатын кандидатура деп ойламаймын”.

Бұл тұрғыда сарапшы Рябовтың пікірінше, Зубков Путин мен оның ішкі саласы өзара келіспеушіліктерін реттеп алғанша, үкіметті ұстап тұратын ауыспалы тұлға сияқты:

“Біз бұл үкімет кейінірек аты аталатын мұрагерге берілетін ауыспалы үкімет болады деп қараймыз” деген сарапшы Рябов.

Кейбір сарапшылар Зубков белгілі бір сценарий бойынша болуы мүмкін, Путин президенттікті уақытша әлсіздендіріп, кейін біраз уақыттан соң Кремльге қайтып келуі ықтимал дегенді айтады. Ресей конституциясы президенттікте үш мерзімнен артық болуды шектейді. Бірақ, егер Путин басқа бір президенттен кейін қайта келіп жатса, оған тыйым сала алмайды. Уашингтон бұл саяси жаңалыққа қатысты айтарлықтай жауап қатпады. Ақ Үй өкілі Тони Сноу, Буш әкімшілігі бұл мәселеге Ресейдің ішкі мәселесі ретінде қарайды деп қана айтты.

Зубков 1990 жылы Санкт Петербор қаласының әкімшілігінде қызмет еткен.Ол кезде Путин бұл жердің қала әкімінің орынбасары болған. Мемлекеттік Дума Зубковтың кандидатурасын бекіту үшін оның туған күнінен бір күн бұрын қыркүйектің 14-де дауыс береді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG