Бұдан бұрын екі күн бойына Конгресс алдында есеп берген Ирақтағы АҚШ жасақтарының қолбасшысы генерал Дэвид Петреус келесі жылдың жазына қарай Ирақтағы 30 мыңдай әскерді шығаруға болады деген еді. Президент Буш оппозициялық демократтардан қарсылыққа тап болатын Ирақтағы стратегиялық жоспарына қолдау табамын деген үмітте.