Accessibility links

Қызыл крест ұйымы Ауғаныстандағы гуманитарлық жағдай нашарлап бара жатқанын айтады


Халықаралық Қызыл Крест комитеті Ауғаныстандағы гуманитарлық жағдай күннен күнге жаман болып бара жатыр деген дабылмен, бұл мәселені төтенше жағдай ретінде қарау керек деп отыр. Бұл ұйымның Қабулға келген делегациясының басшысы Рето Стокер Ауғаныстанда қақтығыс күшейіп-өсіп барады, елдің тең жартысына ол қақтығыстардың салдары тиіп жатыр деген. Қызыл крест ұйымы бұл елдегі проблемаларды реттеу үшін Ауғаныстандағы операциялар үшін бөлінген қаржыны келесі жылы үш есеге көбейту керек дейді.
XS
SM
MD
LG