Accessibility links

Путин 2012 жылы Кремлге қайтып келу мүмкіндігін айтты


Ресей президенті Владимир Путин өзінің 2012 жылғы болатын президенттік сайлауға қатысу мүмкіндігін жоққа шығармады. Путин бұл туралы Қара теңіз жағалауындағы Сочи курортында батыстық журналистерге айтты. Бұл кездесуге қатысқан ақпарат өкілдері Путин өз жолын мұрагеріне беретін алдағы наурыз айындағы президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін де ықпалды саяси тұлға болып қалатынын білдірді деп жазуда. Ресей президенті Владимир Путин сонымен қатар, жаңа премьер министр Виктор Зубков 2008 жылғы президенттік сайлауға қатыса алады деді. Путин ел конституциясы бойынша президенттікте екі жылдан артық мерзімге отыра алмайды. Бірақ, билікке басқа президенттен кейін қайта келуіне болады.
XS
SM
MD
LG